Абдуллаева Фариза Мұратбекқызы Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсіп, «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын және неміс)» мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылы Сүлеймен Демирел университетінде академиялық ұтқырлық бойынша оқып, тәжірибе алмасқан. 2018 жылы университетті сәтті аяқтады. 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Лингвистика» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына оқуға түскен. «Компьютерлік лингвистика» траекториясы бойынша білім алған. 2019 жылы Нидерландыда, Лейден қаласында, Лейден Лингвистика университетінде тағылымдамадан өтті. 2020 жылы магистратураны сәтті аяқтады. 2020 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы болып, 2024 жылдан бері аға оқытушы қызметінде жұмыс істеп келеді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2018 |
0
құжаттар
0